— Жаңа адамдар келуі керек. Бұл — менің пікірім. Қазір заман өте белсенді, бәрі тым тез өзгереді. Құрылтайда келешегі жарқын саясаткерлер, жаңа тұлғалар, қазіргіден көбірек жастар мен әйелдер, өңірлерден барынша көп өкілдер болса, еліміз үшін өте маңызды және пайдалы болар еді. Сенат және Мәжіліс депутаттары барлық идеясын іске асырып, барын сарқып, беріп болды демеймін. Бірақ қазіргідей белсенді өзгерістер заманында мемлекеттік басқару жүйесіне барынша көбірек азамат тартылуы қажет. Олар жоғары органда жұмыс істеп, қажетті заңдарды қабылдауға көмектесуі керек. Сонымен бірге, жаңа партиялар құрылып, өзгерістер болып жатыр. Бұл үдерісті қолдаймын. Жаңа тұлғалар келуі керек. Олар әділетті Қазақстан құруға, Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруға көмектескені жөн, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Әшімбаев Сенаттың жұмысын қорытындылағанын жазғанбыз.