Айта кетейік, жақында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Гүлнәр Қожағұлқызын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.
— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деді Г. Тойлыбаева ант қабылдау рәсімінде.
Жалпы отырыс барысында Гүлнәр Қожағұлқызы Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ретінде сайланды.
Еске салайық, 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған едік. Артынша Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Бұған дейін «Әділет» партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына кандидатура ұсынғанын жазғанбыз.
Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Гүлнәр Тойлыбаева мемлекеттік органдар мен партия құрылымдарында ұзақ жылдан бері қызмет еткен. Бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған.