Оған барлығы шамамен 200 адам өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектері мен әскери бөлімдердің басшылық құрамы қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери қызметшілер жауынгерлік әзірлікті жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады, әскерлерді жауынгерлік даярлаудың жаңа үлгілері мен құралдарын қарастырды. Мәселен, танкті атыс қалашығы (танк арнайы тұғырнамада бекітілген, атыс жауынгерлік машинаны ауыстырусыз жүргізіледі).
Мұнда 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы шығарылды. Қазақстанның Құрлық әскерлеріндегі ең жақсы дайындалған және жауынгерлік қабілетті деп генерал-майор Мұрат Бектанов қолбасшылық етіп отырған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы және полковник Амангелді Жәнесовтің қарамағындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы танылды.
«Мен жиынның мақсаты мен міндеті толық орындалды деп есептеймін. Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі артып келе жатыр. Қазір біздің әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық деңгейіне көңіліміз толады», - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенат Мұрат Майкеев.
Жедел-әдістемелік жиындар 2010 жылдан бастап әр жарты жыл сайын өтетінін айта кеткен жөн.