Құрлықаралық кубок: «Арлан» хоккейшілері Ирландияға аттанды
12:31, 08 Қаңтар 2019
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» ХК Ирландияда өтетін Құрлықаралық кубоктің финалдық ойнына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 қаңтарда сағат 08:00- де «Арлан» ХК 2018-2019 жылғы Құрлықаралық кубоктің финалдық ойнына қатысу үшін Ирландияның Белфаст қаласына атанды. Команда Көкшетау - Астана - Лондон - Белфаст бағыты бойынша 6450 шақырым қашықтықты артқа тастайды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл турнирдің финалында «Арлан» хоккейшілері Ирландияның «Белфаст Джайантс», Польшаның «Катовице» және Беларусьтің «Гомель» командаларымен кездеседі.