Онда Ресей, Нидерланды, Мексика, Венесуэла, Мозамбик құрамаларымен «В» тобында өнер көрсететін қазақстандықтар Еуропа конфедерациясының финалисі саналатын Нидерланды спортшыларына 0:2 есебімен есе жіберді. Енді Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова, Бақытгүл Самалқова мен Любовь Богату ертең Ресей мен Мексика, арғы күні Мозамбик пен Венесуэла құрамасымен кездеседі. Алғашқы ойында ресейліктер венесуэлалықтардан, мексикандықтар мозамбиктерден 2:0 есебімен басым түсті.
1 шілдеге дейін бұл бәсекеде Италия, Швейцария, Қытай, Уругвай, Кения құрамалары «А» тобына топтасып отыр. Онда қазір Уругвай мен Италия спортшылары арасындағы тұңғыш кездесу 1:2 есебімен аяқталды.