Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Амур» командасын жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қос команда жеңіске жету мүмкіндігін іздеді. Бір-бірінің қақпасы алдында жиі шабуыл ұйымдастырды.

Нәтижесінде 32-минутта Кирилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін екінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Командалар бүгінге дейін 41 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсті.

«Барыс» енді елордада 3 қарашада Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды.