Бүгін, 13 қаңтарда астаналық хоккейшілер аталған командамен екінші ойынын өткізеді.
Сырт алаңда өткен ойынның бірінші кезеңінде «Барыс» хоккейшісі Брэндон Боченски есеп ашты. Ал екінші шайбаны Лукаш Кашпар салып, есепті еселеді. Екінші кезеңнің 16-минутында астаналық команда үшінші шайбаны салу мүмкіндігін жүзеге асырды. Алайда бұл кезеңнің аяқталуына 40 секунд қалғанда «Амурдың» хоккейшілері бір шайба соқты. Сондай-ақ үшінші кезеңнің 7-минутында Хабаровск ойыншылары «Барыс» қақпасына екінші шайбаны салды. Арада 5 минут өткеннен кейін астаналық Кевин Даллмэннің соққан шайбасы қарсыластардың қақпасынан табылды. Сөйтіп 4:2 есебімен «Барыс» ойынды жеңіспен аяқтап, турнир кестесінде бір сатыға жоғарылады.