НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының биылғы жабылу салтанаты өткізілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат лиганың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл шара биылғы жылдың мамыр айының соңына жоспарланған болатын.
Ұйымдастырушылар коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты шарадан бас тартты.
«Бұған дейінгі жылдары жабылу салтанаттарына 1 мыңға тарта қонақ қатысқан болатын. Биыл да сондай адам келеді деп күтілді. Сондықтан азаматтар денсаулығын сақтау мақсатында осындай шешім қабылдауға тура келді», - деді Құрлықтық хоккей лигасының президенті Алексей Морозов.
Естеріңізге сала кейік, елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын орта жолда қалдырып кетті. Одан кейін коронавирус инфекциясына байланысты жартылай финалда Ресейдің «Сибирь» командасымен ойнамайтын болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.