Биылғы маусымды өткен чемпионатта финалға шыққан «Динамо» (Мәскеу) және «Трактор» (Челябі) командалары ашады. Олар «Лужники» спорт кешенінде тағы бір мәрте кездесіп, күш сынасып көрмек. Осы матчпен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті алтыншы чемпионаты ресми түрде ашылады.
Ал қыркүйектің 8-і күні астаналық «Барыс» хоккей клубы алғашқы ойынды «Северсталь» командасымен өткізеді. Бұл матч Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтпек.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Барыстың» барлық ойындарын «Қазспорт» арнасы көрсететін болады.