Құрманбек Бакиев Қырғызстандағы алдағы президенттік сайлауға үміткер болып ұсынылды

БІШКЕК. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте өтіп жатқан «Ақ жол» халықтық партиясы IV съезінің басты қорытындысы алдағы президенттік сайлауға Қырғыз Республикасының қазіргі Президенті Құрманбек Бакиевті үміткер етіп ұсыну болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.К.Бакиевтің кандитатурасын ұсынуға республиканың барлық аймақтардан Бішкекке келген съездің барлық делегаттары бірауыздан дауыс берді.Қырғызстандағы президент сайлауы 2009 жылғы шілденің 29-ында өтеді.