Дүбірлі додаға барлығы 49 өнерпаз қатысты («Домбыра, шертер» - 22 қатысушы, «Қобыз, қыл қобыз» - 18 қатысушы, «Сырнай» - 9 қатысушы).
Оның қорытындысы бойынша бас жүлде - 350 мың теңге ақшалай сыйлыққа Қазақ Ұлттық өнер университетінің І-курс студенті Еркебұлан Соңғыбаев ие болды.
«Домбыра, шертер» аталымында мыналар жүлдегер болды:
1-жүлде:
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының IV курс студенті Артур Қазиев (шертер) - 250 мың теңге;
2-жүлде:
1) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының IV курс студенті Асылай Апенова - 150 мың теңге;
2) Қазақ Ұлттық өнер университетінің I-курс студенті Айқын Сетеков - 150 мың теңге;
3-жүлде:
1) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының II курс студенті Арайлым Шалабаева - 100 мың теңге;
2) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының II курс студенті Назерке Самарханова - 100 мың теңге;
Диплом иегерлері:
1) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының II курс студенті Болат Долдашов;
2) «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің IV курс студенті Жәнібек Жәмиев;
3) Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің әртісі Абай Қойшыбаев.
«Қобыз, қыл қобыз» аталымында:
1-жүлде:
1) Жамбыл облыстық филармониясы халық аспаптар оркестрінің әртісі Дана Есеналиева (қыл қобыз) - 250 мың теңге;
2) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының II курс студенті Ақторғын Сырғабаева (қобыз) - 250 мың теңге;
2-жүлде:
1) «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің IV курс студенті Айжарқын Темір (қобыз) - 150 мың теңге;
2) Қазақ Ұлттық өнер университетінің I курс студенті Азиза Бейсенғұлова (қобыз) - 150 мың теңге;
3) Қазақ Ұлттық өнер университетінің І курс магистранты Аян Омаров (қыл қобыз) - 150 мың теңге;
3-жүлде:
1) А. Жұбанов атындағы Ақтөбе қаласы музыкалық колледжінің ІІІ курс студенті Инабат Әбекенова (қобыз) - 100 мың теңге;
2) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ІІ курс студенті Мақпал Манасбаева (қыл қобыз) - 100 мың теңге;
Диплом иегерлері:
1) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының III курс студенті Әйгерім Жаншина (қобыз);
2) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының II курс студенті Алина Қасенова (қыл қобыз).
«Сырнай» аталымында:
1-жүлде: Оңтүстік Қазақстан облысы саз колледжінің III курс студенті Артур Шәріпов - 250 мың теңге;
2-жүлде: Қазақ Ұлттық өнер университетінің II курс студенті Мәди Ботакөзов - 150 мың теңге;
3-жүлде:
1) Қазақ Ұлттық өнер университетінің II курс студенті Бейбіт Қисатов - 100 мың теңге;
2) Қазақ Ұлттық өнер университетінің II курс студенті Дәулетхан Сартай - 100 мың теңге;
Диплом иегері:
Қазақ Ұлттық өнер университетінің II курс студенті Серік Мағұлов.
Осындай асқан талант иесі, қазақтың қайталанбас біртуар күй атасы - Құрманғазының есімін жастар арасында насихаттап, оның қалдырған өшпес мұраларын жаңғыртуға арналған байқауды жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Тұңғыш рет Құрманғазы атындағы республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы 1987 жылы Алматы қаласында өткізілген болатын. 5-ші байқаудан бастап іс-шара Қазақстанның астанасы Астана қаласында өткізіліп келеді.