Құрманғазы атындағы консерваторияның есепшісі 8 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Алмалы аудандық сотында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының бұрынғы есепшісі Ғалия Жұмағұлованың соты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандықсотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ғалия Жұмағұловаға 128 млн теңгеніжымқырды деген айып тағылған болатын.

«Судья Ғалия Жұмағұлованы айыпты деп тауып, 8 жылғабас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, оған материалдықжауапкершілігі бар лауазымдарға орналасуға 10 жылға тыйым салынды. Сотталушыныңкәмелеттік жасқа толмаған баласы барына байланысты жазасын өтеу мерзімі 5 жылғакейінге шегерілді», - деді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Іс материалдарынасәйкес, Ғ.Жұмағұлова Құрманғазы атындағыҚазақ Ұлттық консерваториясына 127 994 593 теңге көлемінде материалдық шығынкелтірген.