Құрманғазы атындағы Ұлттық өнер консерваториясының студенттері ардагерлерге арнап концерт берді

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының өнер ұжымы ардагерлерге арнап мерекелік концерт ұйымдастырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазкоммерцбанк пен Алмалы ауданының әкімдігі, Ұлттық консерватория ұжымы бірлесіп ұйымдастырған мерекелік концертті 300-ге жуық ардагер тамашалады. Шара барысында консерватория студенттері Ұлы Отан соғысы туралы спектакль қойып, майдан әндерін шырқады. Түрлі ұлттардың билерін билеп, кеш соңында ардагерлер қауымына азық-түлік салынған сыйқалталар сыйға тартылды. Шара барысында әдемі кеш әсер еткен ардагерлердің өздері де сахнаға шығып, өлең оқыды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Надежда Яковлеваның айтуынша, 2 сағаттық концерттің басты мақсаты ардагерлер қауымына жақсы көңіл-күй сыйлау. «Ертеңгі мереке бүкіл әлем үшін ең айтулы күндердің бірі. Сондықтан оны жақсы көңіл-күймен қарсы алу, ардагерлерді құрметтеу парыз», дейді ол.