Режиссер Садық Шер-Нияздың отандық кинолентасы Калифорния штатындағы Тибуронда өткен халықаралық кинофестивалінде бірден екі жүлдені иеленді. Фильм кинофорумның «Үздік фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» аталымдарында бас жүлделерге ие болды», - деп хабарлады Ыдырысова.
Естеріңізге сала кетейік, кинокартинаның қоюшысы - ҚР мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әлиев. Кинофестиваль 2015 жылғы 9-17 сәуір аралығында өтті, кинолента фестивальдің әлемдегі 32 елдің фильмдері ұсынылған байқау бағдарламасына қатысты.