ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бөлімшенің әскери қызметшілері түрлі салтанатты рәсімдерге қатысып, Мемлекеттік ту мен Елтаңбаның эталондары жанында құрмет қарауылын атқарады, ерекше маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді, ал төтенше жағдайда тиісті заңмен белгіленген іс-шараларға қатысады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы 9 мамырда Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысты. Мәскеу Кремлінің комендатурасы қазақстандық парадтық есеп топтың дайындығын ең үздіктердің бірі ретінде жоғары бағалады.