Бұл салмақ санатының финалдық кездесуінде оңтүстікқазақстандық Закир Сафиуллин мен шығысқазақстандық Әділет Құрметов айқасты. Жекпе-жек қорытындысында Құрметов қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Азамат Исақұлов және 56 келіде Қайрат Ералиев чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.
«2010 жылы Атырау қаласында өткен ел чемпионатында 52 келі салмақ санатында чемпион атанған едім. Енді міне Павлодар қаласында 60 келі салмақ санатында жеңіске жеттім. Өте қиын болды, дайындалдық. Осы ретте Шығыс Қазақстан облыстық спорт басқармасына оқу-жаттығу жиындарына жіберіп, шыңдалуыма көмек қолын созғандары үшін рахметімді айтамын. Бапкерлер жинақы, қолды жоғары ұстап жұдырықтас деді. Осы нұсқауды орындап, жеңіске жетіп отырмын», - дейді Қазақстан чемпионы Құрметов.
Фото: vesti.kz