«Бүгінгі таңда 82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады. Халықаралық әуе қатынасы 108 бағыт бойынша 29 елге орындалады. «Әуе еркіндігі» 5-дәрежесінің арқасында IndiGo, FlyNas, малайзиялық AirAsia X сияқты шетелдік авиакомпанияларының әуе кемелері жиілігі мен түрлері бойынша шектеусіз Қазақстанның бірқатар әуежайына ұшуды орындау құқығына ие болды», - деді министр.
Сонымен қатар ол Qazaq Air авиакомпаниясы Самарқанд-Түркістан бағытындағы рейсті іске қосқанын айтты.
«Жазғы маусым қарсаңында Қазақстанның курорттық аймақтарына маусымдық рейстердің жиілігі мен санын арттыру мәселесін пысықтау қажет. Мәселен, өткен жылғы рейстердің саны Алакөл көлінде демалғысы келетіндердің ағынын қамти алмағанын көрсетеді», - деді Ермек Маржықпаев.