Күршімде атқа мінген 11 жасар қыз көз жұмды

ӨСКЕМЕН. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Күршім ауданының Алтай ауылында қайғылы оқиға орын алды.

Атқа мінген 11 жасар Гүлім үзеңгіге аяғын оратып алып, аударылып кетіп, көз жұмды, деп хабарлады ШҚО ІІД.

Жасөспірім әкесімен бірге тұрған. Өсіп-жетіліп отбасына көмектесуді мақсат тұтқан. Бұл оның атқа бірінші мінуі емес еді.