Оқиға 22 желтоқсанда болған.
«Арнайы жүргізілген тексерулер барысында ұсталған азаматтардың құзырлы органның арнайы рұқсат құжаттарынсыз еліміздің аймағында еңбек етіп жүргендері анықталды»,-деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ұсталған азаматтарға шетелдіктердің Қазақстанға келу ережесін бұзды деген айып тағылып отыр. Осы іске қатысты материалдар сот органдарына жолданып, алдағы уақытта тиісті процессуалды шешім қабылданады.