Оның ойынша, облыс орталығында кондоминиумдар құру өте баяу қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі күні 1048 көпқабатты үйдің тек 120-сы кондоминиумға кірген, 253 үй рәсімдеу кезеңінде тұр. Сонымен қатар, 540 ПИК-ке кіреді, ал 50-інде өзін-өзі басқару ұйымдастырылған.
«Қараусыз қалған» үйлер аулаларда тұрмыстық қалдықтардың жиналып қалуына тікелей әсер етеді, деп атап өткен облыс әкімі, кондоминиумның артықшылықтары толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізбегені үшін қала әкімі атына сын- ескертпе айтты.
«Егер түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілгенде, тұрғындар кондоминиумдардың артықшылықтарын баяғыда түсініп, өз аулалаларының тазалығын бюджеттік қаржыға қалпына келтірер еді», - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.