Құрылыс алаңындағы экскаваторды ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде құрылыс алаңынан құны 3 млн. рубль тұратын экскаватор-жүк тиегішті ұрлап кетті.

Бұл туралы ІІМ ҚБ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Экскаватор-жүк тиегіш Борисовские пруды көшесіндегі № 26 үйдің алдында тұрған», деп мәлім етті полиция қызметкерлері.