9 қыркүйекте Сығанақ көшесі бойындағы арнайы тасжолда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің жедел жасағы мен Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бірлесіп, «Nissan Teana» автокөлігін тоқтатты. Жүргізушісі – елорданың 35 жастағы тұрғыны, Нұр-Сұлтанда құрылыс-монтаждау жұмысымен айналысатын ЖШС директоры. Ол «Мефедрон» синтетикалық тобына жататын есірткіні ірі көлемде сатқан.
Ұсталған күдікті кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Астанаға есірткі жеткізумен айналысқан сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр.