Құрылыс құжаттарын әзірлеуге арналған шығыстар қысқартылады – Әлихан Смайылов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инвестициялық жобаларға бөлінетін бюджеттік шығыстар 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағыжылдың желтоқсанында өңірлердегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларыбойынша мониторинг жүйесі енгізіледі. Инвестициялар мен міндеттемелер арасындағы теңгерім, МЖӘміндеттемелерінің лимитін және өтелуін бақылау, нәтижелілікті бақылау ескерілетінболады. Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының шығыстарынқысқарту және қаражатын үнемдеу бағытында ревизия жүргізіледі. Талдау қорытындылары бойынша 402млрд теңгеге 173 мемлекеттік тапсырманың ішінен жұмыстар мен қызметтер тізбесіненжалпы сомасы 38 млрд теңгеге 68 тапсырманы мемлекеттік сатып алуға ауыстыружолымен алып тастау ұсынылады», - деді Ә. Смайылов.

Оның сөзінеқарағанда, инвестициялық жобаларға бөлінетін бюджеттік шығыстар 1,4 трлнтеңгені құрады.

«Осықаражатты тиімді пайдалану үшін үлгілік жобаларды міндетті түрде пайдаланаотырып, құрылыс кезінде Жобалардың бірыңғай банкін құру ұсынылады. Бұлжобалау-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеугеарналған шығыстарды 30%-ке дейін немесе 13 млрд теңгеге, ал құрылыс мерзімін6-9 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл үшін заңнамаға өзгерістеренгізу қажет», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар