Құрылыс материалдары нарығындағы ахуал қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің құрылыс материалдары саласындағы өндіріске қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың қаңтар-маусымында құрылыс материалдары нарығының көлемі 1 660,3 млн АҚШ доллары (750,2 млрд теңге) болды», - делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоның нақтылауынша, осы жылдың 7 айында нақты мәнде келесі тауарлардың өндіріс көлемі артқан: өртке төзімді бұйымдар (+14,1%); өртке төзімді емес керамикалық кірпіш (+38,1%); сликат және қож кірпіш (+1,3%); гипсокартон (+0,3%); құрылысқа арналған ерітінді (+13,7%).

Сонымен қатар, мынадай тауарлар өндірісінің көлемі қысқарған: қаптамаға арналған керамикалық кірпіш (-2%); цемент клинкер (-6,9%); портландцемент (-4,5%); езілген, езілмеген және ылқалда қатаятын әк (-9,3%); гипс (-48,5%); құрылыс мақсатындағы бетон бұйымдар (-13,1%); цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған плитка, кірпіш пен балама бұйымдар, (-5,4%); тауарлық бетон (-17,2%) және басқалары.