«Біз Еуропа елдерінің құрылыс саласындағы стандарттау тәжірибелерін зерттеуіміз қажет. Бұл ретте бізге бірінші кезекте халықаралық талаптарға қайшы келетін, бірақ елімізде қолданылып жүрген құжаттардан арылуды басты мақсат етіп отырмыз. Осы шара арқылы біз маңызды деген екі мәселені шешеміз. Біріншіден, өзіміздің құжаттарымызды халықаралық, яғни еуропалық талаптарға сәйкестендіреміз. Екіншіден, біз қазір шектен тыс көбейіп кеткен құжаттар санын қысқартамыз. Бұл құжаттардың арасында қазір кәсіпкерлердің қызметін жандандырудың орнына, керісінше кедергі жасайтындары да бар», - деді институт директоры.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш мақсаттарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін елде арнайы бағдарлама да дайындалған.