Құрылыс салуда табиғатты қорғау мәселесіне байланысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста аталмыш құжат бойынша Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, заң жобасының мақсаты қала құрылысын жоспарлаған, жер телімдерін бөлген, құрылысты жобалаған кезде және салған кезде су мен табиғатты қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша, нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру және ретке келтіру болып табылады. Құжат күшіне енсе еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Жер мен Су кодекстеріне, сондай-ақ «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Шаруа қожалығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасы республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді.