Тарқата айтқанда, құрылыс саласына салынған инвестиция да өсіп, оның мөлшері 40 млрд теңгеге жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 35 млрд 200 млн теңгені көрсеткен болатын. Аталмыш динамика жыл сайын сақталып келеді. Мәселен, 2013 жыл мен 2018 жылдар (қаңтар-шілде) аралығында құрылыс секторына салынған инвестиция 39,8 пайызға өскен.
Аймақтарды салыстырып қарағанда, құрылыс саласына салынған негізгі инвестиция Атырау облысында (30,1 пайыз) шоғырланған. Ол жаққа 40 млрд теңге инвестицияның 12,05 млрд теңгесі тиесілі.
Ал Алматы қаласында 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында құрылыс қажеттілігіне 6,4 млрд теңге бағытталған. Аймақтардың үштігін - 4,3 млрд теңгелік көрсеткішпен Алматы облысы түйіндейді. Аталған аймақтарға барлық инвестицияның 56,9 пайызы немеспе 22,8 млрд теңгесі тиесілі болып отыр.