ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында үйінен құрылыс заттарын алып келуге шыққан жігіт 6 күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордада 24 наурызда 17:00 шамасында Қамбар Құрманәлиев үйінен сауда орталығына құрылыс заттарын алып келуге шыққан. Содан бері үйіне қайта оралған жоқ.
«Ерекше белгілері: бойы: 1,70-1,75 см, толық денелі, шашы қара түсті, аққұба келген,оң жақ бетінде кішкентай меңі бар. Үстіне киген киімдері: қара түсті күздік куртка, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған 17 жастағы қыз Алматыдан табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.