Құрылыс және ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасын көтеретін негізгі салалар болып табылады - Елбасы

АСТАНА.  Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Құрылыс және ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасын көтеретін негізгі салалар болып табылады.


Бүгін Астана өтіп жатқан  Қала құрылысын салушылардың ҮІІІ форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Елбасының айтуынша, келешекте осы екі саланы өркендету қажет. Себебі бұлар өндірістің басқа салаларын соңынан ерте алады.  Мемлекет басшысы Кеңес Одағы құлаған кезде, сондай-ақ қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында ең көп қиыншылыққа ұшыраған құрылыс саласы болғанын атап көрсетті. Бұл саланы дамыту үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетілгенін жеткізді.