Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттіктің төрағасы міндетін атқарушы тағайындалды

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Үкіметтің 2009 жылғы шілденің 20-сындағы №1098 қаулысымен Серік Нокин Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттіктің төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

С.Нокин 1959 жылы туған, Саратов  химиялық  қорғаныс  жоғары әскери училищесін   1982 жылы  «химик-технолог-инженер» мамандығы  бойынша   бітірген.  2003    жылы  Қазақтың  Т.Рысқұлов  атындағы  экономикалық  университетін  «Экономист-менеджер» мамандығы  бойынша тәмамдаған. 2002-2006   жылдары Атырау  облысы әкімінің  орынбасары  болған. 2006    жылдың ақпан  айынан бастап  Ақтөбе    қаласының  әкімі  болған.  Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін  С.Нокин  Индустрия  және  сауда министрлігі   Құрылыс және  тұрғын үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  жөніндегі комитетті  басқарған.