Басылымның атап көрсетуінше, ұтыстық дәл көлемі 13 066 599 ресей рублін құрайды. Лотерея билетінде бірнеше сәтті ұтыс болған - сондықтан да джекпотқа тағы 119 524 рубль қосылды. Сонда 13 пайыздық салықты шығарып тастағанда, бақытты билет иесі 11 487 мың рубль ұтысқа ие болады.
Бір қызығы, Ирмақ осының алдында ғана тап осы лотереядан Renault Duster жаңа автомобилін ұтып алған болатын.
Ұтыс иесі енді бұл ақшаға балаларына үй сатып әпермекші.