«Өткен жылы қазақстандық қамту үлесін арттыру үшіннормативтік құқықтық актілерге барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Отандық тауар өндірушілердіңэлектрондық тізілімі жасалды, Жобалау-сметалық құжаттамада орындалғанжұмыстарды қабылдау кезінде материалдардың шығу тегін міндетті түрде көрсетубойынша талаптар енгізілді. Қабылданған нәтижелер бойынша бюджеттік жобалардаотандық материалдардың үлесін 2022 жылға қарай 90% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда»,- деді Жеңіс Қасымбек.
Бұдан бөлекол Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды.
«БүгіндеАрыс қаласын қалпына келтіру үшін барлық күштер жұмылдырылды. Қалпына келтіружұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаужоспарланып отыр», - деді ол.