«Құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі жағдайы ерекше алаңдаушылықты тудырып отыр. Бұл нысандарда бас мердігер өз бетінше жұмыстарды атқармай, құрылыс жұмыстарын орындау үшін сырттан ұйымдарды тартады. Сәйкесінше, осы нысандарда қосымша тартылған ұйымдардың жұмысшылары қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Алайда, бұл бас мердігерден жауапкершілікті алыстатпайды. Қазақстан Республикасы ратификациялаған «Құрылыстағы қауіпсіздік және гигиена туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 167 конвенциясына сәйкес, бас мердігерге құрылыс алаңындағы жалпы қызмет үшін негізгі жауапкершілік жүктеледі», -деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы салалар бойынша зардап шеккендердің көбі құрылыс кәсіпорындарында тіркелген.