Құс өндірушілер одағы Астанада «жұмыртқа күніне» орай жәрмеңке ұйымдастырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің көптеген елдерінде қазанның екінші жұмасы Жұмыртқа күні ретінде атап өтіледі. Осыған орай, Қазақстанның құс өсірушілер одағы Астана әкімдігінің және Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қолдауымен Жұмыртқа күнін мерекелеуге арналған жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы одақтың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Жұмыртқа күнін өткізуде тұрған ештеңе жоқ. Өйткені, жұмыртқа ең сұранысқа ие өнім. Тауық жұмыртқасында бар жоғы 75 калория ғана. Солай бола тұра, бұл ақуыздың тәуліктік тұтыну нормасының 12 пайызын қамтамасыз ететін аса құнарлы тамақ. Ол А, B6, B12, дәрумендеріне, темір, фосфор, мырышқа бай», делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, Қазақстанның құс өндірушілер одағы осымен үшінші жыл қатарынан Жұмыртқа күнін атап өтпекші. Астана қаласының әкімдігі және Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен өтетін мерекелестірілген шара 9 қазанға елордадағы Шапағат базарына жоспарланып отыр. Онда құс өсірушілер өздерінің тауарларын ұсынып, отандық құс фабрикалары қолжетімді бағаға өздерінің сапасы жоғары өнімдерін саудалайтын болады. Атап айтқанда, шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан құс фабрикалары атсалыспақ.

Айта кетейік, Жұмыртқа күні алғаш рет 1996 жылы Вена қаласында аталып өтілген. Содан бері халықаралық комиссия осы шараның нәтижесінде жұртшылықтың жұмыртқаны жоғары бағалайтынына көз жеткізген болатын.Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде қазанның екінші жұмасы Жұмыртқа күні мерекесіне айналып отыр.