Қазіргі таңда науқас бала астаналық ауруханада ем-дом қабылдау үстінде. Оның жағдайын ақ халаттылар тұрақты деп бағалап отыр. Қызымен етене араласқан ата-анасынан тұмаудың белгілері табылмаған.
12 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес Қытайда құс тұмауының H7N9 қоздырғышын жұқтыру бойынша 43 жағдай тіркелсе, оның 11-і қайғылы аяқталған.
Әзірге вирустың бір адамнан екіншісіне жұғатыны дәлелденбеген.