деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Алматы облыстық Спорт және туризм басқармасы мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен "Қыран" федерациясы қоғамдық қоры мен "Жалайыр Шора" орталығы ұйымдастырып отыр. Биыл бұл шара "Қыран" федерациясының 5 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Қорды Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Өнербаев басқарады, ал атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы. "Қыран" федерациясы дәстүрлі құсбегілер жарысының жүйелі түрде өтуіне ұйтқы болып, облыстағы құсбегілердің киім-кешек пен арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп келе жатыр. Сондай-ақ "Қазақ құсбегілері" деген арнайы кітап шығарып, осы мәселе төңірігенде ой қозғап жүрген журналистер арасында 2 жылда бір рет байқау өткізуде.
"Бұрын "Сонарды" Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра ауылында өткізетінбіз. Құсбегілікті насихаттау мақсатында былтырдан бері оны жер-жерде өткізуді қолға алдық. Мәселен Әбен Тоқтасыновты еске түсіруге арналған былтырғы сайыс Талғар ауданында өтсе, федерацияның 5 жылдығына арналған биылғы жарыс Райымбек ауданында өтпек. Оған 40-тан астам құсбегі қатысқалы отыр. Болашақта оны Абай елінде және республиканың өзге де облыстарында ұйымдастыру жоспарлануда", дейді "Қыран" федерациясының вице-президенті Сәкен Әбдіқалиев.