Нұрлан Оспановтың айтуынша, әр өңірден ойындарға қатысатын «елшілер» мен бір «батыр» спортшы тағайындалады. Олардың міндеті – ойындардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін насихаттау, сондай-ақ кездесулер мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру.
Ал республикалық «Құсбегілік» федерациясының вице-президенті, «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы бұл ойындар – қазақ халқының бірегей ұлттық болмысын әлемге паш ету мүмкіндігі екенін атап өтті.
«Алдағы іс-шара көшпенділер ойындарының әлемдегі деңгейін ғана емес, Қазақстанның мәдени және спорттық құндылықтарын да көрсетеді. Біздің ұлттық спорт түріміз – «құсбегілік» алдыңғы төрт ойынның бағдарламасына кірмеген еді, бірақ биыл ол енгізіліп отыр, біз бұған өте қуаныштымыз. Бүркіт – қазақ рухы мен төзімділігінің символы, ол сондай-ақ біздің ұлттық туымызда бейнеленген», – деді Бағдат Мүптекеқызы.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы спорт нысандардың Көшпенділер ойынына дайындығы туралы жазғанбыз.