Құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионаты басталды.

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұлттық спорттың бұл түрі алдағы қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына енген. 

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Алдағы үш күн ішінде құсбегілер өзара кіл мықтының арасынан кім мықтыны анықтамақ.

Жалпы сайысқа еліміздің 12 облысынан 59 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі әкелінген. Қатысушылардың арасында әлемге аты белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да бар.

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Сайыстың бірінші күні құсбегілер үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені облыс аумағында қатты жел мен ақ түтек боран басылмай тұр.

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталады. 

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Естеріңізге сала кетейік, Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлемге әйгілі бүркітші, қандасымыз Айшолпанның отбасы Монғолия елінен бір жола ата-жұрты Қазақстанға қоныс аударып, көшіп келгенін жазған болатынбыз. 

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы