«Сирия проблемасындағы Қазақстанның рөлі - Астанада сириялық қақтығысушы тараптар мен Үкімет өкілдеріне және осы процесті бақылап отырған - Ресей, Иран, Түркияға басқосу өткізуге мүмкіндік бергенімізде. Олардың сұрауы бойынша бірнеше осындай кездесулер өтуде. Шынын айтқанда, Астана процесінде Женевадағы кездесуде болмаған тараптар болды, әсіресе оппозиция жағынан. Олар Қазақстанды бірдей қашықтықта орналасқан, барлық қақтығысушы тараптармен бірдей қатынастағы мемлекет деп таныды. Біз оларға біздің жерімізде кездесуді ұсындық, осындай жоғары деңгейдегі кездесуге барлық жағдайлар жасап бердік. Мен тілдескен сарапшылардың, БҰҰ өкілдерінің берген бағасы бойынша, бұл кездесулер ары қарай бейбіт процесті және осы келіссөздерді ары қарай жалғастыру үшін өте пайдалы болды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы ресейлік арнаға берген сұхбатында.
ҚР Президенті терроризмге қарсы күресте барлық мемлекеттердің бірлескен жұмысы қажет екендігін айтты.
«Қазір мен ешқандай баға бере алмаймын. Бірі химиялық шабуыл болды және адам шығыны орын алды десе, екінші тарап бұның бәрі болған жоқ деп отыр. Осы мәселеде әділ шешімге келу қиын. Бірақ менің ойымша, барлық мемлекеттердің мүддесі - түптің түбінде онда бірлесіп жұмыс жасау. Мүдделі мемлекеттердің бірлескен жұмысынсыз, тығыз жұмыссыз «Ислам мемлекетін» және лаңкестікті жою мүмкін емес», - деп түйді ойын Нұрсұлтан Назарбаев.