деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының ІІД Жедел басқару орталығына Нұрмақов көшесіндегі үйдің ауласында тонау оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түседі. Бұл түнгі сағат 02.40-та орын алды. Белгісіз ер кісі 34 жасар әйел адамға күш көрсету арқылы 110 мың теңге ақшасын, ұялы телефонын және автокөлігінің кілті салынған сөмкесін тартып алғанымен қоймай, «Тойота-Прадо» автокөлігін айдап әкеткен.
Аталған қылмысты ашу мақсатында «Тосқауыл» арнайы жоспары қабылданып, полицияның жасақтарына және көрші облыстардың ІІД-не суыт хабар жіберілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласынан айдап әкетілген көлік табылып, оның маңайында жүрген 32 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. қолға түскен азамат өз қылмысын мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамалып, өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.