Құшақтары айқасқан егіздерді ажырату мүмкін болмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа туған мына екі нәресте өздерінің жарық дүние есігін ашқандарын әлі де сезбейтін тәрізді.

Олар ана құрсағындағы жұптарын жазбаған күйлерімен қош айтысқылары келмейтіндей. Дәрігер болса, үстеріне су құйып, егіз сәбилердің құшақтарын жазуға тырысуда. Сыңарлар сонда да бір-бірінен ажырар емес. Амалы құрыған ақ халатты абзал жан оларды бір сүлгімен сүртіндіруге мәжбүр болды.