Күшік балалар төбешігінен сырғанап Facebook жұлдызына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джипси есімді күшіктің балалар төбешігінен сырғанаған видеосы желі қолданушыларын тамсандырды. Видео 11 қыркүйек күні Facebook-тегі Select Shows парақшасында жарияланды және бес күнде 11 миллионнан астам адам көрді.

Роликте канадалық күшіктің балалар төбешігінде аса қуанышпен ойнап жүргенін көруге болады. Бұл ойынның итке ұнағаны соншалық, Джипси қатарынан бірнеше рет сырғанады.