«Күшіміз бірлікте»: Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасы гуманитарлық көмек жөнелтпек

Фото: Фото: Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасы

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – «Еліме келген апатқа бейжай қарай алмаймыз» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, өңірдің бизнес қауымдастығы мен Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бірігіп, су тасқынынан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек ұйымдастырды.

«Күшіміз бірлікте» игілігі керуені аясында бірнеше тонна картоп, ұн, көкөніс, қант, су, май, сондай-ақ киім-кешек, дәрі-дәрмек және бірінші қажеттілік тауарлары жеткізілді. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Ремстрой» ЖШС, «ПИК Ютария Ltd» ЖШС, «Транко» ЖШС, «Самади» ЖШС, «Қызылмай» ЖШС, «Адал Еңбек» ЖШС сынды басқа да кәсіпкерлер атсалысты», - делінген хабарламада.  

Фото: Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасы

Сондай-ақ, облыстық Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударды. Барлық жиналған қаражат, өнімдер мен заттар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға жөнелтіледі.

Фото: Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасы
Фото: Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасы
Фото: Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасы
Фото: Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасы