Күшті жел: Астанада дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — 21 маусымда елордада қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, мынадай құбылыстар болады:
найзағай,
бұршақ,
қатты дауыл,
желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтарына:
қатты жел мен аптап кезінде орман және дала маңында демалудан бас тарту;
найзағай кезінде ағаш астына тығылмау және көшеде электрониканы пайдаланбау;
ауа райы күрт нашарлаған жағдайда үйде болуға тырысу ұсынылады.
Бұған дейін Алматыда соққан желдің салдарынан шатырлар, ағаштар мен көліктерге зақым келгені туралы жазған болатынбыз.
21 маусымда Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы болжанып отыр.