Күшті аяз салдарынан «Қарағанды-Астана» автожолында қозғалысқа шектеу қойылды

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Күшті аяз салдарынан «Қарағанды-Астана» автожолында қозғалысқа шектеу қойылды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Ауа райының нашарлауына (төменгі температура) байланысты 22 ақпан күні сағат 20:45-тен бастап барлық көлік түрлері үшін «Қарағанды-Астана» бағытындағы қозғалысқа шектеу қойылды», - делінген баспасөз хабарламасында.