Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқыс оқиғаға газдың сыртқа жайылу себеп болған, деп хабарлайды NBC телеарнасы.
Бұл жағдай жергілікті уақыт бойынша сағат 23 шамасында Эскамбиа округындағы түзеу мекемесінде орын алған. Жарылыс болған сәтте ғимаратта 600-ге жуық сотталушы және полиция офицерлері болған. Олардың 100-і түрлі деңгейде жарақаттанды. Қаза тапқандар жайлы әзірге мәлімет түсе қойған жоқ, деп жазады РБК.