Күшті жел екі бес қабатты үйдің шатырын жұлып әкетті

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында қатты желдің салдарынан 1000 шаршы метр аумақта бес қабатты екі үйдің шатыры жұлынып кетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.