Күшті жел мектеп шатырын жұлып кетті
12:36, 29 Шілде 2012
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Күшті жел Алматы облысындағы ауыл мектептерінің бірінің шатырын жұлып кетті,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Кеше Алматы облысына қарасты Қазбек бек стансасында екпіндете соққан жел орта мектептің 954 шаршы метр шатырын жұлып әкетті. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.