Күшті жел, тұман, көктайғақ: 9 қарашаға арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы әлі де Мурманск аймағынан келетін циклонға байланысты болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20, солтүстік және оңтүстік өңірлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Тұман түседі, көктайғақ, солтүстік және шығыста жаяу бұрқасын көтеріледі.

Тек оңтүстік-батыста антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел екпіні - 23-28 м/с. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, күндіз Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-25 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.