Күшті желге байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде күшті жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз 10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауылкүтіледі. Оңтүстік батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/скүтіледі.

Петропавл қаласында 10 тамыз күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік батыстан,оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

10 тамызда күндіз Атырау облысында кей жерлерде найзағай, оңтүстік батыс,оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, қатты ыстық 36 градус күтіледі.

10 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстікбатыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.